1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Сулыкөл бастауыш мектебі" КММ-де "Біз - өмірдің гүліміз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Балаларға қуаныш сыйлауға орай қызықты ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар балаларға тәтті дастархан ұйымдастырылды. Балалар біздің, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ. Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Әрбір үйдің базары балалар қуанышқа бөленіп жүре берсін!
2 маусым күні "Сулыкөл бастауыш мектебі" КММ - де мектеп жанындағы лагерьдің ашылуы өткізілді. Лагерге 3-4 сынып оқушылары және ұстаздар қатысты. Ашулы мерекесімен мектеп меңгерушісі Жаканова Бакыт Саденовна құттықтап, бүлдіршіндерді мектеп жанындағы жазғы лагерьге белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Ашылу мерекесі көңілді әрі әсерлі өтті. Балалар әндер шырқады, қызықты ойындар ойнап көңілдерін көтерді. Жазғы лагерьдің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларыныдемалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету. Оқушыларның бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балаладың әр күні шуақты күлкіге,көтеріңкі көңіл-күйге,достыққа толы болсын!
3 маусым күні мектебімізде жарқын әрі әсерлі лагерь маусымы басталды. Мектеп жанындағы жазғы "Балдәурен" өз жұмысын басталды. Мектеп ауласында балалардың шат күлкісі және көңіл күйге толды. Сергіту жаттығулары жасалып өткізілетін іс-шаралармен таныстырылды. Балалар үлкен ықыласпен өз топтарымен бұрыштарын безендіруге кірісті.
Топ мүшелері өз қолдарымен:
Команданың бірлігін және ерекше бейнесін көрсететін эмблема жасады.
Көтеріңкі көңіл-күйлерін сыйлайтындай ұран
ойлар тапты.
Түстен кейін балаларды таза ауада қызықты ойындар мен жарыстар өткізілді.
5 маусым күні мектепте жанындағы "Балдәурен" лагерінде Қауіпсіздік күні өтті. Балаларға өмір мен денсаулықты сақтау, жаз мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды әрі пайдалы мағлұматтар өткізілді. Таңертең балалар таңғы жаттығудан бастады. Қызықты да әрі тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.
Жолда жүру ережелері туралы әңгімелер:
балалар жолды қалай дұрыс кесіп өту керектігін, бағдаршам сигналдарының мағынасын және жол бойында өзін қалай ұстау керектігін үйренді.
Сонымен қатар, велосипед, самакат және скейітпен жүру ережелеріне және үлкендерге өздерінің жүрген жері туралы дер кезінде хабарлап отырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Балалар маңызды ережелерді қайталап қана қоймай, қауіпсіздік- бұл жауапты әрі қызықты екенін де түсінді.
"Балдәурен" мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде "Спорт- біздің досымыз!" эстафеталық ойындар өткізілді. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту. Оқушылар ойынға қызыға қатысып, көңілдерін көтерді.
"Балдәурен" мектеп жанындағы жазғы лагерінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында "Жайдары жаз!" сурет салу іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: жаз мезгілі туралы ұғымын кенейту, жаз айларының ерекшелігін ұғындыру, жазғы табиғат өзгерістерін, әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Жаздай жайдары көңіл- күй орнату, татулыққа тәрбиелеу. Балалар жаз мезгілі жайлы суреттер салып, салған суреттері жайлы әңгімеледі.
"Балдәурен" мектеп жанындағы жазғы лагерінде балалардың көңілін көтеру мақсаттында іс-шара ұйымдастырылды. Балалар бұл күнді жаттығу жасаудан бастады. Шахмат, шашки ойнады. Футбол алаңында футбол ойнап көңілдерін көтерді.