Кездесуге "Көкшетау МҰТП" орман инспекторы Малаев Р.Т. және мектеп мейірбикесі Омарова А.К. қатысты. Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Кездесу барысында оқушыларға орманшы және дәрігер мамандығы жайлы айтылды. Балалар осы мамандықтар жайында қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесуге келген маман иелері балаларға "Алдарыңда үлкен жол жатыр өздерің таңдаған ақ жол сендердің болашақтарыңды жарқын және қуанышты сәттерге толтырсын. Ізгілікпен ел-жұртына көмектесетін, рухани жан дүниесі бай, ілтипатты да кішіпейіл, мейрімді болып өсіңдер"-деген ақ тілектерін білдірді.
Новости
"Сулыкөл бастауыш мектебі" КММ-де "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында "Мамандығым мақтанышым" атты кездесу өткізілді."
Просмотров: 1





